Қазақстандағы денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарының тозу деңгейі 49,3 пайызды құрайды, оның ішінде:
- медициналық қызмет шеңберінде пайдаланылатындар – 57,2%;
- денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі 50,1%;
- санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау нысандары – 40,5%.
Бұл туралы 2024-2030 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасының жобасында жазылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республика бойынша денсаулық сақтау нысандарының жалпы саны 11 120-ны құрайды.
Нысан ғимараттарының тозуынан бөлек, медициналық жабдықтардың тозуы да күрделі мәселеге айналып отыр. Мысалы, ғимарат жабдықтарының тозу деңгейі 66,1 пайызға тең болса, медициналық техника 66,9 пайызға тозған.
Соған орай, аталған тұжырымдамада денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарының тозу деңгейін 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен 20 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Бұл үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарына түгендеу жүргізу арқылы олардың карталары әзірленеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда денсаулық паспорты енгізілмек. Ол кімдерге міндетті?