Былтыр тіркелген 472 кісі өлтіру қылмысының 108-і отбасындағы жанжалға тиесілі.
Мұндай статистиканы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Былтыр тіркелген 472 кісі өлтіру қылмысының 108-і отбасындағы жанжалға тиесілі. Бұл – әр үш күн сайын шамамен бір отбасындағы даудың соңы адам өлімімен аяқталады деген сөз. Тек өткен жылы ғана шаңырағы шайқалған жандардан 5 мыңнан аса өтініш түскен.
Оқи отырыңыз: Президент тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдарға қол қойды
Еске сала кетсек, жақында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң қабылданды.