Қазақстанда түркиялық сүт және тамақ қоспаларының өндірісі іске қосылады

Жаңа жоба 500 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда нутрициология өнімдерін, яғни емдік тамақ және сүт қоспаларын шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы түркиялық Orzax компаниясының сыртқы сауда маркетингі жөніндегі директоры Неслихан Хотоглу Алматыда өткен халықаралық педиатрия конференциясының барысында мәлімдеді. 

Екі күнге созылған конференцияға Қазақстан мен Түркияның 300-ден астам дәрігерлері мен сала мамандары қатысты. 

"Біздің өнімдерімізді әлемнің 50 елінің тұрғындары пайдаланады. Оның ішінде біздің 243 түрлі өніміміздің жүзден астамы Қазақстанда сатылады. Соған орай, біз өндірісті жергіліктендіру мақсатында Қазақстанда өндірістік цех, сондай-ақ логистикалық және R&D орталық ашуды жоспарлап отырмыз", – деді Неслихан Хотоглу. 

Оның айтуынша, бұл жобаға Еуропалық қайта құру және даму банкі қолдау көрсетіп, оның 70 пайызын қаржыландырады. Оны жүзеге асыруға 40 миллион АҚШ долларын жұмсалады. Ал құрылыс жұмыстарын 2026 жылғы наурызда бастау жоспарланған. 

Серіктестер жаңалықтары