Тікелей эфир

Қазақстанда көлік салығын төлемегендердің қарызы 
22,4 млрд теңгеге жетті

Қарызы 40 АЕК-тен асатын азаматқа ел аумағынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

2023 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша 496,7 мың адам көлік салығын төлемеген. Олардың жалпы берешегі  22,4 млрд теңгені құрайды, оның ішінде негізгі қарызы – 17,5 млрд теңге, өсімпұл – 4,9 млрд теңге, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Салық міндеттемелерінен жалтарған азаматтар төмендегі өңірлерде тіркелген:

  • Алматы облысы – 57,7 мың адамның қарызы 3,0 млрд.теңге;
  • ​Алматы қаласы – 53,6 мың адамның қарызы 4,9 млрд. теңге; 
  • Түркістан облысы – 53,6 мың адамның қарызы 1,2 млрд. теңге;
  • Шымкент қаласы – 39,9 мың адамның қарызы 1,5 млрд. теңге;
  • Астана қаласы – 37,0 мың адамның қарызы 2,5 млрд. теңге.

Оқи отырыңыз: Сенімхатпен сатылған көліктің салығын кім төлейді? Көлік салығына қатысты 8 маңызды сұраққа жауап


2022 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталған. 2023 жылғы 19 мамырдан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша салық бұйрықтарын жолдау басталды. Берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар. Оның ішінде 40 АЕК-тен асатын қарыз болса, азаматқа ел аумағынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары