Қазақстанда 6 жылда 20 мыңға жуық сәби шетінеген – мәжіліс депутаты

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Сондай-ақ, 563 ана босану үстінде көз жұмған.

Бұл мәліметтерді мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Faecbook желісінде жазды. Ол Қазақстан үкіметінің басшысы Олжас Бектеновке жолдаған сауалына келген жауапты бөлісті. 

Жауаптан белгілі болғандай, жергілікті атқарушы органдарға шалғай аудандарда тұратын тәуекел факторы бар қауіп тобындағы жүкті әйелдерді алдын ала бақылауға алып, босанғанға дейін жатқызу үшін облыстық перинаталдық орталықтың базасында пансионаттар ұйымдастыру тапсырылған.

Қазақстанда 13 заманауи перинаталдық орталық салу және оларды заманауи жаңа техникамен жабдықталады. Олар Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Қаскелең, Қостанай, Қызылорда, Тараз, Орал және Түркістан облысының Темірлан ауылында орналасады.

"Қазіргі кезде Шымкент (жылы өңірлер үшін), Қарағанды (суық өңірлер үшін), Қаскелең қалаларында (сейсмикалығы 9 балл) үлгілік жобалық сметалық құжаттамалар және Астана, Алматы қалаларында және Түркістан облысының Темірлан ауылында жобалық сметалық құжаттамалар әзірленуде (қалған аталмаған өңірлер дайын болған үлгілік жобаларды байланыстыра отырып қолданылады). Жобалық сметалық құжаттамалар дайын болғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады", – делінген Нартай Аралбайұлының жазбасында

Соңғы 4 жыл ішінде бюджеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңімен арттырылып, нәтижесінде олардың жалақысы 2 есе ұлғайды (жыл сайын 84 мың дәрігердің жалақысы 30 %-ға, 189 мың орта медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға, санитарлардың, техникалық қызметкерлердің жалақысы 20 %-ға артты).


Оқи отырыңыз: Босанған әйелді сәбиімен бірге емделуге шипажайға жатқызатын "Ана мен бала" орталығы құрылады


 

Серіктестер жаңалықтары