Тікелей эфир

"Қазақстан халқына" қоры 20 мың баланы жазғы тегін демалыспен қамтиды

Су тасқыны болған өңірлердегі 3883 бала сауықтыру орталықтарында тегін демалады.

Жазғы демалыспен, сауықтырумен және еңбекпен 1-10 сынып оқушыларының 92%-ы, яғни әлеуметтік осал санаттағы 600 мыңға жуық баланы қоса алғанда, барлығы шамамен 2,9 млн бала қамтылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда. 187 демалыс орталығының 150-і 1-10 маусым аралығында іске қосылуда. Ал қалған 37 демалыс нысаны өз жұмысын 15 маусымнан бастайды", – делінген министрліктің ресми хабарламасында. 

Кімдер лагерьге тегін жолдама ала алады?

Жазғы демалысқа тегін жолдамаларды:

  • атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардың балалары;
  • жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасы балалары;
  • жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлар салдарынан жедел көмек қажет ететін отбасы балалары;
  • өзге де санаттағы мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілері ала алады.

Оқи отырыңыз: Балаларды жазғы лагерьге қалай тегін жіберуге болады? Ата-анаға арналған нұсқаулық


Тегін жолдама алу үшін қайда жүгіну қажет?

Ата-ана не қамқоршылар баласының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға жолдама алуы үшін құжаттарды тапсыра алады:

  • Офлайн: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қаласының білім басқармаларына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне, білім беру ұйымдарына; ХҚКО-ға.
  • Онлайн: eGov порталы арқылы, ЭЦҚ болуы қажет.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары