Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін негізсіз "кіру төлемдерін" талап еткен

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Енді фильмдер прокатқа "жарнасыз" шығады.

Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісі отандық режиссерлердің фильмдерін прокатқа шығару үшін заңсыз талаптар қойған. Бұл туралы Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттіктің Алматы қаласындағы департаменті жүргізген тексеріс барысында кинотеатрлар желісі нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны анықталған. Атап айтқанда, компания отандық киноөндірушілерді фильмдерін прокатқа шығару үшін міндетті түрде жарнама бюджетiн төлеуге мәжбүрлеген. Ал бұл талап орындалмаған жағдайда фильмдер прокатқа жіберілмеген.

Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер бәсекелестікті шектеп, нарық қатысушыларының заңды құқықтарын бұзған. Сонымен қатар, бұл жағдай қазақстандық фильмдердің көрерменге жетуіне кедергі келтіріп, отандық кино саласының дамуын тежеген.

Осыған байланысты агенттік Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына заң бұзушылық белгілері туралы хабарлама жолдаған. Нәтижесінде кинотеатрлар желісі бұл талаптарды алып тастап, заң бұзушылықтарды жойған.

Енді Қазақстанда түсірілген фильмдер прокатқа шығу үшін міндетті жарнама шығындарын төлеуден босатылады. Сондай-ақ, режиссерлер өз туындыларын кинотеатрларда көрсету үшін қосымша "жарна" төлеуге міндетті болмайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз