Тікелей эфир

Эколог Қазақстанда ит пен мысықтың санағын жүргізуді ұсынды

Оның ойынша, қаңғыбас жануарларды аулау қызметін бизнеске беруге болмайды.

19 сәуірде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңғыбас иттер мәселесін көтерді. Президент жануарларға қамқорлықпен қарау керек екенін, алайда олардың адамдарға, әсіресе балаларға қатысты агрессиясына жол беруге болмайтынын атап өткен болатын.

2021 жылы желтоқсанда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң қабылданып, 2 наурыздан бастап өз күшіне енді. Алайда, бұл мәселе әлі шешімін таппады. Эколог, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, қаңғыбас иттердің көбейу мәселесі халыққа заңды дұрыс түсіндірмеуден туындаған.

"Заңның ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуі керек. Халық осындай заң қабылданғанын әлі толық білмейді. Жануарларды қорғайтын ұйымдар неге түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді? Қазіргі таңда қалалардағы ветеринарлық сервистің жоқтығынан түрлі шағын және орта бизнес өкілдері тендерді ұтады. Қандай да бір жантүршігерлік жолмен иттерді аулайды. Кейін әлеуметтік желіге оның видеосы тарайды. Мұның бәрі білікті мамандардың иттерді ауламауы салдарынан болып отыр", – дейді ол.


Оқи отырыңыз: Экология министрі жануарлар құқығын қорғайтын полиция құру туралы пікір білдірді


Сондай-ақ, ол бұл мәселеге қатысты өз ұсынысын да айтты.

"Меніңше, жергілікті әкімдіктер сервис орталықтарын ашып, олар лаборатория, уақытша ұстау аймағы, белгі салатын арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек. Оңды-солды, бұл салада кәсіби біліктілігі жоқ жандарға, әсіресе шағын және орта бизнеске берілмеуі тиіс. Қоғам ит-мысықты алған кезде жауапкершілікті түсінгені жөн. Тағы бір үлкен мәселе – бізде иттер мен мысықтар санағы жүргізілмейді. Олардың көбеюіне қоқыстар, заңсыз полигондардың уақытында өңделмеуі себеп болып отыр. Ит-мысықтар сол жерде тамақ ішіп, көбейіп жатыр", – Сәкен Ділдахмет.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары