Депутат "Келешек мектептерінде" инженерлік-техникалық үйірмелердің табысын жеке KPI ретінде енгізуді ұсынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сондай-ақ, ол ғалым, инженер, өнертапқыш және өзге де интеллектуал тұлғалардың қоғамдық бейнесін қалыптастыруға бағытталған жоба әзірлеу туралы бастама көтерді.

Құрылтай депутаты Дихан Қамзабекұлы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевқа сауал жолдап, жастардың инженерлік-техникалық білім мен ғылымға қызығушылығын арттырудың жолдарын бөлісті. 

"Ғылым мен инновацияның әліппесі мен негізі мектепте оқытылып, үйретіліп, бірте-бірте әрі елшіл, әрі технологиялық ізденіске құлшынған жас буын, Мағжан ақын айтқандай, "толқыннан толқын туып", үзіліссіз жалғасуы шарт. Өкінішке қарай, бүгінгі жасөспірімдер мен жастардың біршама бөлігі қайбір байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейтіні, тіпті көп тер төкпей-ақ мол қаржы табуға сенетіні байқалады", – деді Дихан Қамзабекұлы. 

Депутаттың сөзінше, дәл қазір елімізге инженерлік, технологиялық ой, ізденіс, өнертабыс ауадай қажет. 

"Біз бүгін ХХ ғасырдың бас ширегіндегі инженер Мұхамеджан Тынышбайұлы, медик-биолог Халел Досмұхамедұлы, математик Ибадулла Ақбергенұлы, кеңес кезеңіндегі академиктер - инженер Қаныш Сәтбаев, энергетик Шапық Шөкин, микробиолог Мұрат Айтқожин, осы күннің академиктері – антрополог Оразақ Ысмағұлов, математик Мұхтарбай Өтелбай сынды жүздеген тұлғаларды мектеп оқушысынан университет студентіне дейін үлгі ете білуіміз керек. Мысалы, соңғы аталған қос абыздың толассыз ғылыми табысы мен отаншылдығы жастар түгілі, үлкендерге де өнеге дер едік", – деді ол. 

Бұл ретте ол Ғылымға, технологияға айрықша үлес қосқан бұрынғы-кейінгі тұлғаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, цифрлық платформаларда үзбей кеңінен насихаттауды, инженерлік-техникалық, жаратылыстану мамандықтарына талантты жасөспірімдер мен жастарды тарту мен баулуға арналған тиімді бағдарламалар әзірлеуді ұсынды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау