USD: 468.3 / 470.9
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.51 / 5.63
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Бастауыштан БЖБ мен ТЖБ алып тастау мәселесі қоғам талқысына ұсынылды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Талқылау 21 тамызға дейін жалғасады.

Ашық НҚА порталында мектептің бастауыш сыныптарынан бөлім жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау сынақтарын алып тастау бойынша оқу-ағарту министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу мәселесі онлайн талқылауға ұсынылды. 

"Бұйрық жобасына білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәртібіне қатысты өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістерге сәйкес, 2-4-сыныптарда бағалау қалыптастырушы бағалау, тақырыптық және қорытынды бақылау арқылы, ал 5-11 (12)-сыныптарда қалыптастырушы және жиынтық бағалау (БЖБ, ТЖБ) арқылы жүзеге асырылады. Тоқсандық бағалар бағалау нәтижелері негізінде қойылып, білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған", – делінген сайттағы хабарламада. 

Еске салайық, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ата-аналардан бұл сынақ түрлерін алып тастау жөнінде жиі өтініш түсетінін айтып, кейін әзірге оларды тек бастауыш сыныптардан алып тастау жөнінде бастама көтерді. 

"Критериалды бағалау жүйесі енгізілген көптеген дамыған елдерде бастауыш сыныптарда мұндай бағалау түрлері қолданылмайды. Сондықтан қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды алып тастау мәселесін талқылап жатыр", – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау