USD: 468.7 / 471.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

"Мұғалім бір жылда 4 мыңға жуық ақ қағаз жұмсайды". Жұлдыз Сүлейменова БЖБ мен ТЖБ туралы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бастауыш сыныптан БЖБ, ТЖБ сынақтарын алып тастау мәселесі кеңінен талқыланып жатыр.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Facebook мектептің бастауыш сыныптарынан БЖБ, ТЖБ сынақтарын алып тастау бастамасы туралы тағы да хабарлады

Министрдің айтуынша өткен аптада бүкіл Қазақстан бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен осы мәселе бойынша талқылау өтіп, онда мұғалімдер бұл бастаманы құптаған. 

"Мәселен, бастауыштың 2 сыныбындағы БЖБ мен ТЖБ-ның саны шамамен 54. Бастауыш мұғалімі бір жыл бойы осы БЖБ, ТЖБ өткізу үшін шамамен 4 мыңға жуық ақ қағаз жұмсайды. Ал осы қағаздарды тексеруге орташа есеппен 112 сағат уақыты кетеді. Біз енді балалардың когнитивті дамуын күшейтетін, бала өз қолымен жазатын диктант, бақылау жұмыстарын қарастырып отырмыз. Біз БЖБ және ТЖБ жұмыстарын бастауыш сыныптардан алып тастау бойынша жұмысты бастадық", – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Еске салайық, министр бұған дейін БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау мәселесі Тамыз кеңесінде қаралатынын айтқан болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау