Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр.
"Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматы қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан "Феникс" орталығында диагнозы бар балаларға қатысты күш қолдану фактілері туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Бейнежазбалар жарияланғаннан кейін ата-аналар орталық қызметкерін жауапкершілікке тартуды талап еткен.
USD:
482.5 / 485.3
EUR:
556.0 / 561.0
RUB:
5.81 / 5.97