Тікелей эфир

"Балалар кітапханасы" бағдарламасының тізімінде қандай кітаптар бар?

Оған қазақ әдебиеті тарихының барлық дәуірі мен кезеңі, жанрлық бағыты бар 1 770 шығарма енді.

Оқу-ағарту министрілігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында "Балалар кітапханасы" бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімі жасақталды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оған қазақ әдебиеті тарихының барлық дәуірі мен кезеңін, жанрлық бағыты бар 1 770 шығарма енді. Оның 76 пайызы — отандық, 24 пайызы — әлем әдебиетінің таңдаулы еңбектері. 

"Отандық шығармалар қатарына Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Тахауи Ахтанов, Шерхан Мұртаза, Бердібек Соқпақбаев сында қаламгерлердің шығармалары енді. Ал әлем әдебиетінің тізімінде Эрнест Хеменгуэй, Джек Лондон, Рабиндранат Тагор, Александр Островский, Вальтер Скот, Михаил Лермонтовтың еңбектері бар.  Тізімді жасақтау үшін арнайы құрылған комиссия қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары, мектеп кітапханашылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін ескерді", – делінген хабарламада.  

Министрліктің мәліметінше, қазіргі күні мектептердегі балалар әдебиетінің қоры – 40 миллионға жуық. Электрон мемлекеттік кітапхана қорының каталогына 150 жазушының еңбегі енді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары