Тікелей эфир

"Абай жолы", "Бір атаның балалары". Оқушылар демалыста оқитын кітаптар тізімі қандай?

Бұл кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, 1-ден 11-сыныптарға бөлінген.

Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы оқушылар жазғы демалыста оқуына болатын кітаптар тізімін ұсынады.

Бұл кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, 1-ден 11-сыныптарға бөлінген.

1-4-сынып оқушыларына жас шамасына қарай қысқа ертегілер, қызық аңыз-әңгімелер, батырлар туралы шығармалар ұсынылды:

  • Қазақ халық ертегілері;
  • Ыбырай Алтынсариннің "Қара батыр", "Қарақылпаш", "Алтын емен", "Жәнібек батыр" ертегілері;
  • Лаймен Фрэнк Баумның "Сүйкімді қыз бен сиқыршы шал" ертегісі;
  • Нил Гейманның "Коралинасы";
  • Джордж Макдонльдтің "Қауырсын ханшайымы". 

5-9-сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бақытталған кітаптар тізімі жасалды:

  • Абай Құнанбайұлының шығармалары;
  • Мұхтар Әуезовтің "Көксерегі";
  • Қазақ лиро-эпостық жырлары;
  • Франсеск Миральес және Эктор Гарсианың "Игикайы" (жас саяхатшыларға арналған оқулық);
  • Джером Дэвид Сэлинджердің "Жар жағалаған жалғыз" кітабы. 

10-11-сынып оқушыларының рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін көркем әдебиеттер іріктелді:

  • Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы;
  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясы;
  • Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары" шығармасы;
  • Джек Лондонның "Ақ азуы";
  • Мұхтар Шахановтың "Компьютербасты жарты адамдар" шығармасы. 
Серіктестер жаңалықтары