Жаңаөзен мұнайшыларының балалары барған лагерь сынның астында қалды. Әлеуметтік желіде тараған видеода балаларға орын жетіспей, олардың еденде ұйықтауға мәжбүр болғаны көрінеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Кадрларда жеткіншектердің жерде жатқанын, ал кейбірінің баспалдақта отырып күткенін байқауға болады. Видео авторы бөлмелерде санитарлық талаптардың сақталмағанын, сондай-ақ терезелерде қорғаныш құралдарының жоқтығын көрсеткен.
Ал "Өзенмұнайгаз" АҚ бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Компания өкілдерінің мәліметінше, видео 2025 жылдың жазында Алматы қаласындағы лагерьде түсірілген.
Олардың айтуынша, бұл ауысым алмасу кезіндегі уақытша қолайсыздық болған. Жаңадан келген балалар қысқа мерзімге уақытша орналастырылып, бөлмелер босатылған соң бірден өз орындарына көшірілген.
Сондай-ақ компания лагерьлер арнайы комиссия арқылы таңдалып, жағдайы алдын ала тексерілетінін атап өтті.
USD:
469.9 / 472.9
EUR:
552.5 / 557.5
RUB:
6.01 / 6.13