Тікелей эфир

Ауыл тұрғындары 18 жастан бастап скринингтен өте алады

Профилактикалық тексерулер Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарында пилоттық негізде іске қосылады.

Ауыл халқы үшін скринингтердің жеткіліксіздігін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі 18 жастан бастап жаңа нысаналы топтарды анықтау арқылы ауыл халқын қамтуды ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұған дейін скрининг 30-70 жас аралығында жүргізілсе, енді 18 жастан бастап жасалады.

Ауылдық жерлерде профилактикалық тексеру жүргізу үшін келесі нысаналы топтар айқындалды: "Балалар" – туған кезден бастап 18 жасқа дейін;

  • "Жастар" – 18-ден 29 жасқа дейін;
  • "Еңбек – 1" – 30-дан 44 жасқа дейін;
  • "Еңбек – 2" – 45-тен 65 жасқа дейін;
  • "Зейнеткер" – 66 жастан асқандар.

Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов: Ең сұлу адам – денсаулығы жақсы адам


Бұдан басқа, клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі кеңейтілді (қан мен несептің жалпы клиникалық және биохимиялық зерттеулері енгізілді). Егде жас тобының тыныс алу органдарының ауруларын, простата безінің, асқазан-ішек жолдарының және несеп жүйесінің ауруларын ерте анықтау үшін жаңа зерттеулер енгізілді.

Ағымдағы жылғы қыркүйек айының ортасынан бастап Қарағанды (Абай ауданының орталық аудандық аурухана), Ақмола (Аршалы орталық аудандық аурухана) және Алматы (Еңбекшіқазақ орталық аудандық аурухана) облыстарында ауыл халқы скринингінің пилоттық жобасы іске қосылып, кейіннен барлық өңірлерде кезең-кезеңмен енгізіледі.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары