Әскери қызметшілердің қазасына байланысты Ақтауда мерекелік шаралар өткізілмейді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қалада 25-27 қыркүйекке бірқатар фестиваль мен гала-концерт жоспарланған болатын.

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты 2026 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласындағы "Амфитеатр" алаңында өткізілуі жоспарланған мерекелік іс-шаралар өткізілмейді. Бұл туралы Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, 25 қыркүйекке жоспарланған "Каспий – достық теңізі" фестивалінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ 27 қыркүйекте өтетін фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты мен Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт өткізілмейді.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні Каспий теңізі ағызып әкетті. Сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша, Қорғаныс министрлігі тоғыз адамның қаза тапқанын растады. Үш әскери қызметші құтқарылды, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев аттанды.

Ақтау гарнизоны қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы құрылған жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау