Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бас прокуратура қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.

Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, қолайсыз ауа райы салдарынан теңізге 19 әскери қызметші ағып кеткен.

"Өкінішке қарай, олардың 9-ы қаза тапты. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары дереу жіберілген. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына Қорғаныс министрлігінің комиссиясы аттанды. Комиссияға Қазақстанның Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басшылық етеді.

Оқиғадан кейін еліміздің Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды", – делінген ресми хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау