Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Тоқаев Үкіметтік комиссияға тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажет шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні Каспий теңізінің ағысы алып кеткен. Оқиға салдарынан тоғыз әскери қызметші қаза болды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау