Жыл басынан бері баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 299,8 миллиард теңгеге 293,9 мың адам қамтылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 21,1 миллиард теңге сомаға 117 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 5,5 миллиард теңге сомасын 30,5 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сонымен қатар қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сонымен бірге Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтары үміткер бола алады. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 14,4 миллиард теңге сомасын орта есеппен 123,3 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 3,7 миллиард теңге сомасын 124,1 мың адам алды", – деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.
Оқи отырыңыз: Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 100 миллиард теңгеге жәрдемақы алды
Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63