Hatewatch феномені: Адамдар неге жек көруден ләззат алады?

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Фото ЖИ көмегімен жасалды
Қоғамда жек көрінішті контентке құмарлық күн санап артып келеді.

Бұрын адамдар өсекті асүйде айтып, көршілердің өмірін аулада талқылайтын. Біреудің жанжалы, қателігі немесе ыңғайсыз сәттері – ұжымдық көңіл көтерудің бір бөлігі болатын. Уақыт өте бұл әдет жоғалған жоқ, тек формат өзгерді: өсек цифрлық кеңістікке көшті. ­

Бүгінде интернет кез келген адамды – блогерді, актерді, реалити-шоу қатысушысын немесе кездейсоқ вирусқа айналған кейіпкерді – жаппай талқылаудың нысанына айналдыра алады. Ең басты айырмашылық – ауқым мен жылдамдық. Бұл құбылыстың атауы – hatewatch. Бұл – ашу, жиіркеніш немесе наразылық тудыратын контентті көру, бірақ соған қарамастан одан бас тарта алмау.

Жек көру қалай табысты модельге айналды?

Grey Cardinals сарапшыларының айтуынша, цифрлық дәуір бір қарағанда ұсақ көрінетін әдетті – өзгенің сәтсіздігін талқылауды – толыққанды бизнеске айналдырды. Адамдар енді жай ғана қарап қоймайды, қаралым береді, алгоритмдерді "қоректендіреді", жарнама нарығын өсіреді.

"Hatewatch термині 2010 жылдардың басында кең тарады. Сол кезде адамдар сапасыз шоуларды тек сынау үшін көретінін ашық айта бастады. Мысалы, Keeping Up with the Kardashians реалити-шоуын көпшілік "мағынасыз" деп атады. Бірақ бұл оның рейтингтеріне еш әсер етпеді – керісінше, шоу жылдар бойы танымал болып қалды. Ұқсас жағдай Game of Thrones сериалының финалында да байқалды. Көрермендер қатты сынға алғанымен, соңғы эпизодтарды рекордтық аудитория көрді. Ал 2026 жылы шыққан Euphoria сериалының жаңа маусымы – осы феноменнің жаңа дәлелі. Сын көбейді, пікірлер екіге бөлінді, бірақ қызығушылық азаймады. Әр эпизод әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, мемдерге айналды", – дейді сарапшылар.

Қарапайым шындық: адамдар өздерін ашуландыратын контенттен кетпейді. Олар "тағы не болады?" деп қарай береді.

Алгоритмдер эмоцияны талғамайды

Цифрлық платформалар үшін бір ғана ереже бар: кез келген эмоция – бейжайлықтан жақсы. Ашу, реніш, жиіркеніштің бәрі – реакция. Ал реакция – алгоритм үшін белгі.

"Егер сіз бір блогерді жек көріп, күн сайын оның парақшасына кірсеңіз, жүйе оны сізге ұнайды деп есептейді. Өйткені платформа сіздің эмоцияңызды емес, әрекетіңізді өлшейді", – дейді сарапшылар. 

Ашу экономикасы қалай жұмыс істейді

Бүгінде назар – ең құнды ресурс. Ал ашу – сол назарды тартудың ең тиімді құралдарының бірі. Мысалы, Tiger King деректі сериалы бір мезетте сынға да, қызығушылыққа да ие болды. Нәтижесінде оны миллиондаған адам көрді. TikTok-та да дәл осындай логика: "Мынаны көрдің бе?" деген негативті ұсыныстар контенттің таралуын одан әрі күшейтеді.

Яғни жек көру – енді эмоция ғана емес, экономикалық ресурсқа айналды. 

Психологтар мұны бірнеше фактормен түсіндіреді. Біріншіден, адам миы жағымсыз ақпаратқа көбірек мән береді – бұл эволюциялық қорғаныс механизмі. Екіншіден, адамдарды әлеуметтік нормалардың бұзылуы қызықтырады. Жанжал, "кринж", ыңғайсыздық – бәрі назар аударады.

Hatewatch пен ragebait айырмашылығы 

Бұл екі ұғымды шатастырытындар көп. Анығында: 

  • Ragebait – әдейі ашуландыру үшін жасалған контент 
  • Hatewatch – сол контентті ұзақ уақыт бойы көру әдеті 

Яғни бірі – құрал болса, екіншісі – реакция.

"Мұны көрмеңдер" деген жазбалар көбейген сайын, қызығушылық та артады.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз