USD: 474.1 / 476.9
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 6.31 / 6.43
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Жер бетіндегі орман алқабы 10 жылда 40 миллион гектарға қысқарды – БҰҰ

Орман қорының 20 пайызы Ресейге тиесілі.

2015-2025 жылдар аралығында Жер бетіндегі орман жамылғысының аумағы 40 миллион гектардан астам азайды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа баяндамасында айтылған. 

Құжат авторларының мәліметінше, әлемдегі ормандардың 54 пайызы небәрі бес елдің аумағында шоғырланған. Атап айтқанда, орман қорының 20 пайызы Ресей Федерациясына тиесілі болса, 12 пайызы Бразилияда, 9 пайызы Канадада, 7 пайызы АҚШ-та және 5 пайызы Қытайда орналасқан.

Баяндамада көптеген елдерде ормандарды сақтау бағытында нақты шаралар қолға алынғаны атап өтіледі. Соның ішінде қорғалатын орман аумақтары кеңейтіліп, орман пайдалануға бақылау күшейтілген. Сонымен қатар, тозған жерлерді қалпына келтіру бағдарламалары енгізіліп, халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Дегенмен, жалпы ілгерілеу деңгейі елдер арасында біркелкі емес.

Сарапшылардың айтуынша, ормандарға төнетін негізгі қауіптер қатарында жерді пайдалану тәсілдерінің өзгеруі, климаттық дағдарыстар, орман өрттері, зиянкестер, сондай-ақ заңсыз ағаш кесу мен өзге де заңсыз әрекеттер бар. Қосымша мәселе ретінде қаржыландырудың жеткіліксіздігі де аталады. БҰҰ дерегіне сәйкес, орманды тұрақты басқаруға бөлінетін қаржы көлемі қажетті деңгейден едәуір төмен.

Құжатта 2017-2030 жылдарға арналған БҰҰ-ның Ормандар жөніндегі стратегиялық жоспары мен орман саласындағы алты жаһандық мақсаттың орындалуына қатысты ең өзекті бағалау ұсынылған. Баяндама әлемдік орман ресурстарының 51 пайызын құрайтын 48 елдің ерікті түрде ұсынған деректері мен жаһандық мәліметтер негізінде әзірленген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз