USD: 474.5 / 477.5
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Жас мұғалімдердің көбі неге үш жылға жетпей мектептен кетеді? Министр жауабы

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Олар қазіргі жаңа буын оқушыларының алдында сабақ беруге қиналады.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "Ана тілі" басылымына берген сұхбатында мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейіне қатысты сауалға жауап берді. 

Министрдің айтуынша, жас мұғалімдердің бір бөлігі сыныпқа кіріп, қазіргі жаңа буын оқушыларының алдында сабақ беруге қиналады. 

"Мұндай мәселені Алматыдағы №83 мектепке барғанымда ұстаздардың өздері де көтерді. Олар жас мұғалімдердің едәуір бөлігі алғашқы үш жылға жетпей мектептен кететінін айтты. Ал үш жылдан кейін мұғалім, әдетте, мамандықта тұрақтап қалады. Бүгінгі оқушының қабылдау ерекшелігі өзгерді. Олардың назарын аудару бұрынғыдан әлдеқайда қиын. Қазіргі балалар шығармашылықты, интерактивті тәсілдерді қалайды. Қарапайым түсіндіру әдісімен олардың қызығушылығын ұзақ ұстап тұру оңай емес", – деді министр. 

Жұлдыз Сүлейменова бұл ретте сабақ беру әдістемесін өзгертуге қажеттігіне тоқталды. Оның сөзінше, жасанды интеллект мұғалімді алмастыру үшін емес, оның жұмысын жеңілдету үшін қажет. 

"Мәселен, оқушы түсінбей қалған тақырыпты қайта пысықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мұғалімге ойын технологиялары, тапсырмалар мен сабақ өткізу тәсілдерінің түрлі нұсқасын ұсынады", – деп түсіндірді ол.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау