Ұлттық банк ескі 10 000 теңгенің айналымдағы мерзімін бір жылға ұзартты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Банкноталар 2027 жылғы маусымға дейін қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін 2027 жылғы маусымға дейін ұзартты.

Банктің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, бұл шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданған. Осылайша, Ұлттық банк ескі үлгідегі банкноталарды жаңа банкноталарға кезең-кезеңмен ауыстырады.

"Ұлттық банк "Сақ стилі" сериясымен шыққан жаңа банкноталарды кезең-кезеңімен шығара береді, оның аясында ескі үлгідегі банкноталарды жаңасына рет-ретімен ауыстырады", – делінген хабарламада.

Ал 2027 жылғы маусымнан кейін қолында осы 10 мың теңгелік қағаз ақшасы бар азаматтар оларды барлық банктер мен "Қазпошта" бөлімшелерінен тағы  3 жыл бойы жаңа ақшаға ауыстырып ала алады. Ал Ұлттық банктің филиалдары ескі ақшаны мерзімсіз уақытта айырбастап беруге міндетті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз