Тоқаев "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін мәжбүрлеп көшіруді тоқтатты

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы Баганашыл шағынауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіруді тоқтатуды тапсырды.Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды. 

"Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді", – деп жазды Руслан Желдібай. 

Оның сөзінше, аталған жағдайға байланысты Президент әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз