Қызылорда облысында биылғы шілде және тамыз айларында дүниеге келген 3982 баланың туу туралы куәлігіне жасалған шолу олардың 90 пайыздан астамының тегінде орысша "ов", "ев", "ова", "ева" сынды қосымшалар қосылып жазылмағанын көрсеткен. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" компаниясының Қызылорда облыстық филиалының директоры Айдын Қайроллаев хабарлады.
Сондай-ақ, осы уақыт аралығында дүниеге келген кезінде тегі орысша рәсімделіп кеткен 28 баланың тегіне ұлттық дәстүрге байланысты өзгеріс енгізілген.
Айдын Қайроллаевтың жазуынша, қызылордалықтар өздерінің және балаларының тегін қазақыландыруға жоғары мән беріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Оннан астам нұсқа қолданыста. Қазақтың аты мен тегін жазуда неге бірізділік жоқ?