Ауа райы
Бүгін +4…+6°
Ертең +2…+6°
Ауа райы Алматы +5°C
Тікелей эфир

Қажылық-2027: Сауд Арабиясы 400-ге жуық қонақжайды тізімнен шығарды

2027 жылы қажылық маусымы 14 мамыр мен 19 мамыр аралығына жоспарланған. Фото: depositphotos.com
2027 жылы қажылық маусымы 14 мамыр мен 19 мамыр аралығына жоспарланған. Фото: depositphotos.com
Мекке мен Мәдина қалаларында қажыларды орналастыру үшін шамамен 4 мың ғимарат дайындалған. Оларда жалпы саны 400 мыңға жуық бөлме бар.

Сауд Арабиясы 2027 жылғы қажылық маусымына дайындық аясында 1,3 миллионнан астам төсек-орын әзірледі. Бұл туралы Джидда қаласында өткен Қажылық конференциясы мен көрмесінде Сауд Арабиясының туризм министрі Ахмед әл-Хатиб мәлімдеді. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылған шараға 150-ден астам елден 520-дан аса жергілікті және халықаралық ұйым қатысты.

Туризм министрінің мәліметінше, Мекке мен Мәдинада қажыларды орналастыру үшін шамамен 4 мың ғимарат дайындалған. Оларда жалпы саны 400 мыңға жуық бөлме бар. Бұған қоса, Мина мен Арафатта 560 мың орынға арналған уақытша шатырлы лагерь құрылады. Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру нысандарының лицензиялау рәсімі алдын ала аяқталған.

Сонымен қатар қауіпсіздік талаптарына сай келмеген 400-ге жуық ғимарат қажыларды орналастыру тізімінен шығарылды.

Министр Ахмед әл-Хатиб қажыларға ұсынылатын тұрғынжайдың сапасы маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, әуежай мен көлік қызметі жақсы ұйымдастырылғанымен, тұратын жердің жағдайы нашар болса, бұл қажылардың жалпы сапардан алған әсеріне кері ықпал етуі мүмкін. Сондықтан қажыларға тұрғынжайды тек лицензиясы бар операторлар арқылы алу ұсынылады.

Айта кетейік, 2026 жылғы қажылық қызметіне 93 пайыз адам оң баға берген. Ал 2019 жылы іске қосылған "Қажылар тәжірибесі" бағдарламасы умраға келген адамдардың қанағаттану деңгейі бойынша 90 пайыздық межеден асқан.

Ал 2027 жылы Сауд Арабия Корольдігі 2,8 млн қажыны қабылдауды жоспарлап отыр. Қазақстаннан 4300 адам үлкен қажылыққа бара алады.

2027 жылы қажылық маусымы 14 мамыр мен 19 мамыр аралығына жоспарланған. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз