Ауа райы
Бүгін +4…+6°
Ертең +2…+6°
Ауа райы Алматы +5°C
Тікелей эфир

Нақты сектордағы әйелдер көшбасшылығы: "Қазақмыс" өкілдері CFO Forum II форумына қатысты

CFO Forum II: Real Economy форумы. Фото: "Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі
CFO Forum II: Real Economy форумы. Фото: "Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі
"Экономиканың нақты секторындағы WOMEN POWER" панельдік пікірталасын корпорацияның Корпоративтік есептілік департаментінің басшысы, қаржы сарапшысы Лейла Оспанова жүргізді.

26 қарашада Астанада өткен CFO Forum II: Real Economy форумында өнеркәсіптегі әйелдердің рөлі, стратегиялық шешімдер қабылдауға қосатын үлесі және экономиканың нақты секторын дамытудағы орны талқыланды.

Форумға Қазақстанның 200-ден астам қаржы директоры мен бизнес өкілі қатысты. Іс-шарада бизнес қауымдастығы мен мемлекеттік сектордан 20-дан астам спикер сөз сөйледі.

Форум бағдарламасында "Экономиканың нақты секторындағы WOMEN POWER" тақырыбындағы панельдік пікірталас өтті. Оны "Қазақмыс" корпорациясының Корпоративтік есептілік департаментінің басшысы, қаржы сарапшысы Лейла Оспанова жүргізді.

"Қазақмыс" корпорациясының Корпоративтік есептілік департаментінің басшысы, қаржы сарапшысы Лейла Оспанова. Фото: "Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі

Пікірталасқа қатысқан "Қазақмыс" корпорациясының экономика жөніндегі басқарушы директоры Айнагүл Батырбекова кәсіби жолы мен басқару тәжірибесі туралы әңгімеледі.

Өндіріс экономикасы: сандардың ар жағындағы мән

Тау-кен металлургия саласында қабылданатын экономикалық шешімдер өндірістің дамуына, инвестициялардың қайтарымына және кәсіпорындардың ұзақ мерзімді тұрақтылығына тікелей ықпал етеді.

"Қазақмыс" корпорациясының экономика жөніндегі басқарушы директоры Айнагүл Батырбекова. Фото: "Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі

Айнагүл Батырбекова өнеркәсіп кәсіпорнындағы қаржы басшысының жұмысы тек ағымдағы көрсеткіштерді бақылаумен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, қаржы маманы бүгінгі шешімдердің кәсіпорынның ертеңгі жағдайына қалай әсер ететінін алдын ала бағалай білуі керек.

"Қаржы директорының түйсігі – алтыншы сезім емес. Бұл – сандар әлі қағазға түспей тұрып-ақ олардың мәнін аңғаруға мүмкіндік беретін кәсіби тәжірибе", – деді ол.

Мысал ретінде ол жабдықты күрделі жөндеуден өткізу немесе жаңасын сатып алу мәселесін қозғады. Алғаш қарағанда, жөндеу жұмыстарына қаржы жұмсау үнемді шешім болып көрінуі мүмкін. Алайда жабдықтың қаншалықты жиі істен шығатынын, оны күтіп ұстауға кететін шығынды және пайдалану мерзімін ескергенде, жаңа жабдық сатып алу әлдеқайда тиімді болуы ықтимал.

Яғни, бүгінгі шығынды азайту әрдайым ұзақ мерзімді үнемге әкелмейді.

Адамға құрмет – көшбасшылық негізі

Панельдік пікірталаста ұжыммен жұмыс істеу, қызметкерлердің кәсіби өсуіне жағдай жасау және тиімді басшылықтың негізгі қағидаттары да сөз болды.

Айнагүл Батырбекованың айтуынша, еңбек жолының алғашқы кезеңінде жинаған тәжірибесі адамдарға құрметпен қараудың басқарудағы басты ұстанымдардың біріне айналуына ықпал еткен.

"Өз балам алғаш рет жұмысқа орналасқанда, оған жұмыс орнында қалай қарайтыны туралы үнемі ойлаймын", – деді ол.

Қатысушылар кәсіби мансап пен отбасылық өмірді қатар алып жүру мәселесін де талқылады. Айнагүл Батырбекова өз тәжірибесіне сүйене отырып, мансап жолында жақын адамдардың қолдауы ерекше маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ отбасындағы өзара құрмет, міндеттерді бөлісу және шешімдерді бірге қабылдау қажеттігіне тоқталды.

CFO Forum II: Real Economy форумы. Фото: "Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі

Өнеркәсіптегі әйелдердің орны

Бұрын негізінен ер адамдар еңбек ететін сала ретінде танылған тау-кен металлургия өнеркәсібінде бүгінде әйелдер де маңызды рөл атқарады.

"Қазақмыста" әйелдер өндіріс орындарында еңбек етіп, инженерлік-техникалық және басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Олар кәсіпорындардың экономикалық қызметін басқарып, инвестициялық басымдықтарды айқындауға және стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысады.

Әйел мамандардың білімі, кәсіби тәжірибесі мен басқару қабілеті "Қазақмыстың" дамуына және Қазақстанның тау-кен металлургия саласының өркендеуіне үлес қосып келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз