Ұлттық тестілеу орталығы кезекті Қазтест сынағы қашан және қай қалаларда өтетінін жариялады. Ресми хабарламаға сәйкес, емтихан 14 желтоқсанға жоспарланған.
Өтініш қабылдау мерзімі: 2-12 желтоқсан.
Қазтест сертификаттық тестілеуі келесі қалаларда өтеді: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан, Тараз.
Тест тапсыру құны: 7121 теңге.
Еске салайық, Қазтест жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:
- Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
- Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
- Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
- Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.
Қандастар мен тұрақты тұруға рұқсат алатындар ҚАЗТЕСТ тапсырады
"Қазтест" сертификаты бар үміткерлер ҰБТ-да "Қазақ тілінен" тест тапсырудан босатылады