Желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қосымша бір күн демалады. Биыл 16 желтоқсан сәрсенбіге түседі. Осыған байланысты бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен істейтін азаматтардың демалыс кестесі әртүрлі болады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар желтоқсанда 9 күн демалады. Олар 5-6, 12-13, 19-20 және 26-27 желтоқсанда, сондай-ақ 16 желтоқсанда демалады. Барлығы 22 күн жұмыс істейді.
Алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін желтоқсанда 5 демалыс күні болады. Олар 6, 13, 20 және 27 желтоқсанда, сондай-ақ 16 желтоқсанда демалады. Сенбі күндері бұл жұмыс кестесі бойынша әдеттегі жұмыс күні болып саналады. Желтоқсанда алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін 26 жұмыс күні белгіленген.
31 желтоқсан Қазақстанда мемлекеттік мереке емес. Сондықтан бейсенбі күні жұмыс күні болып саналады. Ал Жаңа жылға орай демалыс 2027 жылғы 1 қаңтардан басталады.
Айта кетейік, Қазақстанда 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңге болады. Соған байланысты зейнетақы төлемдері, декреттік төлемдер, жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем мөлшері өзгереді.
Каникул кезінде мұғалімдердің еңбекақысы қалай есептеледі