Ауа райы
Бүгін +3…+6°
Ертең +3…+7°
Ауа райы Алматы +3°C
Тікелей эфир
+3°C

Аздаған жаңбыр

Сезіледі +1° Жел 7,9 км/сағ
Бүгін
+3…+6°
Аздаған жаңбыр
Ертең
+3…+7°
Бұлтты

Болжам уақыты 27.11, 06:18

Тарихшы, дипломат Рүстем Құрманғожин өмірден өтті

Тарихшы, дипломат Рүстем Құрманғожин. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Тарихшы, дипломат Рүстем Құрманғожин. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Ол тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің қалыптасуына үлкен үлесін қосты.

Дипломат, тарих ғылымдарының кандидаты Рүстем Құрманғожин кенеттен қайтыс болды. Қаралы хабарды саясаттанушы Андрей Чеботарев таратты. 

Рүстем Құрманғожин 1985 жылы КСРО СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. 1986-2013 жылдары Сыртқы істер министрлігі жүйесінде еңбек етіп, кеңесші-уәкіл дипломатиялық дәрежесіне дейін көтерілді. Ол тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің қалыптасуына атсалысып, ТМД, Азия, Еуропалық одақ елдерімен және АҚШ-пен ынтымақтастық мәселелерімен айналысты.

Дипломатиялық мансабын аяқтаған соң ғылым мен білім беру саласына бет бұрып, 2015 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 

Ол – Қазақстан дипломатиясының тарихы мен сыртқы саясатына арналған көптеген ғылыми мақалалар мен монографиялардың авторы. Оның танымал еңбектерінің қатарында "Тәуелсіз Қазақстан тарихы: Сыртқы саясат" және Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығы туралы зерттеулері бар. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз