Ауа райы
Бүгін +4…+6°
Ертең +3…+7°
Ауа райы Алматы +4°C
Тікелей эфир
+4°C

Бұлтты

Сезіледі +1° Жел 11,9 км/сағ
Бүгін
+4…+6°
Жаңбыр
Ертең
+3…+7°
Бұлтты

Болжам уақыты 27.11, 10:21

Қырғызстан суррогат аналарға тыйым салмақ. Олардың Қазақстанға жаппай келу қаупі бар ма

Қырғызстан суррогат аналарға тыйым салуды жоспарлап отыр. Фото: Depositphotos.com
Қырғызстан суррогат аналарға тыйым салуды жоспарлап отыр. Фото: Depositphotos.com
Бұдан бөлек, суррогат ана қызметін пайдалануға құқығы бар адамдардың қатары шектеледі.

Қырғызстанда суррогат ана болу тәртібін қатаңдату және шетелдік азаматтардың репродуктивті қызметтерді пайдалануына шектеу қою ұсынылды. Осыған байланысты "Отбасы кодексіне", "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" және "Қырғыз Республикасының азаматтығы туралы" заңдарға өзгерістер енгізу көзделген. 

Заң жобасына сәйкес, Қырғызстан азаматшаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға суррогат ана болуына тыйым салынбақ. Сондай-ақ қырғызстандықтарға шетелдіктерге жұмыртқа жасушасын, шәует пен эмбрион доноры болуға рұқсат бермеу ұсынылып отыр.

Бұдан бөлек, суррогат ана қызметін пайдалануға құқығы бар адамдардың қатары шектеледі. Оны тек ресми некедегі ерлі-зайыптылар мен жалғызбасты әйелдер медициналық көрсетілім болған жағдайда пайдалана алады.

Суррогат анаға қойылатын талаптар да өзгереді. Қазір бұл қызметті 20-35 жастағы әйелдер атқара алса, жаңа жоба бойынша жас шегі 25-40 жас аралығында белгіленеді. Әйелдің кемінде бір дені сау баласы болуы, медициналық тексеруден өтуі және соттылығы болмауы керек.

Сонымен қатар суррогат ана болу бағдарламасына қайта қатысатын әйелдер үшін жүктіліктер арасындағы аралық кемінде 3 жыл болуы ұсынылған. Болашақ ата-аналар суррогат ананың өмірі мен денсаулығын сақтандыру шығындарын да өтеуге міндеттеледі.

Заң жобасында баланың генетикалық туыстығын растау үшін ДНҚ-тест тапсыру талабы да бар. Құжат әзірге қоғамдық талқылауға шығарылған.

Шетелдіктер Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалана ала ма?

Қазақстанда шетелдік азаматтардың суррогат ана қызметіне жүгінуіне де шектеу қойылды. 2026 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енген заңнамалық өзгерістерге сәйкес, суррогат ана қызметіне тек Қазақстан азаматтары тапсырыс бере алады. Оның үстіне олар ресми некеде болуы керек. Шетелдік азаматтар, сондай-ақ некеде тұрмайтын жалғызбасты әйелдер мен ер адамдар бұл қызметті пайдалана алмайды.

Ал суррогат ана болғысы келетін әйелдің жасы 20-35 жас аралығында болуы керек. Оның физикалық, психикалық және репродуктивті денсаулығы жақсы болуы шарт. Сонымен қатар оның кемінде бір дені сау баласы болуы қажет. Егер әйел ресми некеде болса, суррогат ана болуға күйеуінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін алуы міндетті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз