Тікелей эфир

Қазақстандық 2 мың қыз наноспутник құрастыруды үйренеді

Онлайн курс аптасына 2 рет болып, 17 наурызға дейін жалғасады.

Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының өкілдігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Ғылыми-технологиялық паркімен" бірлесе отырып 14-35 жас аралығындағы қыздарға арналған наноспутник жасау бойынша тегін онлайн-курсты бастайды.

Курс қатысушылары ғарыш аппараттарын жобалауды, дизайн жасау және бағдарламалауды меңгереді. Биыл қазақстандық қыздардың өз наноспутнигін жасап, оны стратосфераға ұшыруға мүмкіндігі болады.

"Курс барысында барлық қатысушы наноспутникті ұшырған соң, жиналған экологиялық деректерді тәлімгерлердің қолдауымен өңдеуді үйренеді. Мұғалімдер деректерді визуализациялауды, сондай-ақ ғылыми және практикалық мақсаттарда пайдаланатын миссияның соңғы есебін жазуды үйретеді. Қыздар аэроғарыштық технологиялар саласындағы жетекші қазақстандық сарапшылардан 3D модельдеу, бағдарламалық басқару блоктарының дизайны, бағдарламалық және аппараттық құралдарды әзірлеу дағдылары, коммуникациялар және Linux жүйесінде бағдарламалау негіздері туралы білім алады", – делінген ЮНИСЕФ хабарламасында.

Онлайн курс аптасына 2 рет болады және 17 наурызға дейін жалғасады. Онлайн сабақтар мен вебинарларға қатысқан ең белсенді 200 қазақстандық қыз бала Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген құрдастарымен бірге екі апталық практикалық семинарға қатысады.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық студенттер пайдаланылған өсімдік майынан биоотын жасап шығарды


"ЮНИСЕФ қыздар арасында STEM білім беруді ілгерілету үшін қажет жобаларды әзірлеп жатыр. Біздің наноспутник құрыстыру бойынша курсымыз қатысушыларды ғылым, технология, инженерия және математика салаларында білім алуға және мансапқа ұмтылуға шабыттандырады деп үміттенеміз", – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, курсқа тіркелу үшін физика немесе астрономия саласындағы арнайы білімнің қажеті жоқ. Кез келген оқушы немесе студент қыз берілген сілтеме бойынша өтініш толтырып, тегін курсқа жазыла алады. Тіркеуге өтініш 2022 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады. Курс UniSat білім беру бағдарламасында өткізіледі.

Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 20 қыз наноспутник жасап, оларды стратосфераға ұшырған. Іске қосылған наноспутниктер Жерді суретке түсіріп, ғалымдардың одан әрі талдауы үшін радиация, қысым, гравитация, жарық және газ құрамы туралы мәліметтер жинады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары