USD: 471.3 / 474.1
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Қазақстанда 2300-ден астам адам қоғамдық жұмыс арқылы жазасын өтеп жүр

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Сотталғандар көшелер мен аулаларды абаттандыруға қатысып жатыр.

Қазақстанда жыл басынан бері 2300-ден астам адам сот шешімі бойынша қоғамдық жұмыстарға тартылған. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мәліметінше, қазіргі уақытта пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың бір бөлігі қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар үшін сот тағайындаған қоғамдық жұмыстарды орындап жатыр. Бүгінде олардың ішінде мыңға жуық адам белгіленген сағаттарын қоғам игілігіне еңбек ету арқылы өтеп жүр.

Сотталғандар негізінен қала мен елді мекендердегі көшелерді, саябақтарды, аулаларды және балалар алаңдарын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қатысады. Мұндай еңбек түрлері арнайы кәсіби дайындықты талап етпейді және пробация қызметінің бақылауымен жүзеге асады. Олар күніне төрт сағаттан артық жұмыс істемейді.

"Мысал ретінде Павлодар облысында болған жағдай келтірілген. Онда ер адам жанжал кезінде жеңіл дене жарақатын салғаны үшін сот шешімімен 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған. Жазасын толық өтеген ол тәртіп бұзушылыққа жол бермей, пробация есебінен шығарылған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдерінің айтуынша, қоғамдық жұмыстардың негізгі мақсаты – адамды еңбек арқылы түзеу және қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда өңірінде Қызылорда сотталғандар арасында отбасын құрғандар саны артқаны туралы да хабарланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз