USD: 471.1 / 473.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Қазақстан халқының өсімі бойынша Астана көш бастап тұр

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 014 575 адамды құрады.

Елдегі халық санының өсімі бойынша Астана көш бастап тұр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

"2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 20 014 575 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам. 2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті", – деп жазылған хабарламада.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді – 2,40%.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның 8 облысында халық саны миллионға жуық адамға азаяды – 2050 жылға болжам


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз