Сондай-ақ, тұрмысы нашар отбасылардың балаларына грант үлесін 15 пайызға дейін көбейту бастамасы көтерілді.
Мәжіліс депутаты ауыл балаларына мемлекеттік грант санын арттыруды ұсынды
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанда қала мен ауыл арасындағы мектептерінде білім сапасында алшақтық сақталып отырғанына назарға аударды.
"Балалардың үлгеріміне олардың отбасыларының әлеуметтік-экономикалық жағдайы әсер етеді. Біздің депутаттық сауалға негіз болып отырған – осындай әлеуметтік осал топтағы, тұрмысы нашар отбасыларындағы мектеп түлектерінің бәсекеге қабілетті маман болып, еліміздің болашақ дамуына білім және еңбек ету траекториясын қалыптастыруда мемлекет тарапынан қолдау шараларын жетілдіру мәселесі", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оқи отырыңыз:
- Биыл білім гранты бойынша ауылдық квота 35 пайызға дейін артады
- 2022 жылы білім гранты ірі кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға да беріледі
Депутаттың дерегінше, биыл ауыл мектептерін бітірген 74 мың түлектің тек 18 мыңына ғана ауыл квотасымен грант бөлу қарастырылған. Ал тұрмысы нашар отбасы түлектеріне жыл сайын небәрі 4 850 грант қарастырылған, бұл білім беру гранттарының жалпы санының 7%-ын құрайды.
Осы орайда мәжіліс депутаты гранттарды бөлу жүйесіне келесідей өзгерістер енгізуді ұсынды:
- Ауылды кадрлық қамтамасыз етуге бағытталған ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау саласына басымдық беру арқылы ауылда сұранысқа ие мамандықтарға ауыл мектептерінің түлектері үшін мемлекеттік гранттарды көбейту.
- Тұрмысы нашар отбасылардың балаларына арналған мемлекеттік гранттар үлесін 7%-дан 15%-ға дейін көбейту.
- Білім сапасында көрсеткіштері төмен өңірлерден және әлеуметтік осал санаттағы түлектерге университеттің 1-2 курс аясында жалпы білім беретін базалық пәндерден аудиториялық сағаттардың жеке траекториясын білім беру бағдарламасына енгізу.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
252
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
260
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
242
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
251
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
266
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
252
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
256
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
255
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
227
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
228
-
1
-
5
-