Қырғызстан Парламентінің әлеуметтік саясат комитетінің отырысында депутат Аида Исатбекқызы Астанада өткен көшпенділер ойындарына қатысқан спортшылардың мұңын жеткізді, деп хабарлады 24.kg.
Көрші елдің спортшылары көшпенділер ойындарынан лайықты деңгейде күтіп алмаған спорт министрлігіне наразы.
"Біздің 56 спортшы алтын, күміс, қола жүлделер иеленді. Алайда Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі көшпенділер ойындарының қатысушыларына назар аударған жоқ. Оларды күтіп алмады. Маған: "Бұл Олимпиада болмағанымен, бүкіләлемдік ойындар. Біздің бренд" деп айтып жатыр. Олар да жарысқа дайындалды, біздің туымызды көтерді, абыройымызды қорғады. Неге лайықты құрметке ие болмады?" – деді қырғыз депутаты Аида Исатбекқызы.
Еске салайық, Еске салайық, Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы Қырғызстанның көкпаршыларынан басым түсіп, жеңіске жетті. Алайда ойын барысында қазақстандық спортшы қарсылас ойыншыны қамшымен ұрып, бұл дауға ұласқан болатын.
Қырғызстандық көкпаршылар Қазақстан құрамасын қарымта ойынға шақырды, алайда қазақстандық тарап бұл ұсыныстан бас тартты.
Оқи отырыңыз: Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен қарымта ойынға қатыса алмайды