"Ясминаға чемпионға тиесілі барлық сыйақы төленеді". Жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеме жасады

Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазіргі таңда федерацияның шағымы мен наразылығына әлі жауап берілмеген.

Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясы XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль алып, алайда кейін жарыстан шеттетілген  Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты мәлімдеме жасады. 

"Қазіргі уақытта қабылданған шешімге қатысты федерация атынан наразылық білдіріліп, тиісті шағым жіберілді. World Athletics ұйымының рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде ASICS бренді көрсетілген. Алайда Ясмина жарыста пайдаланған аяқ киімнің нақты моделі аталған тізімде болмаған. Сонымен қатар жарыс басталғанға дейін спортшының аяқ киімі тексеріліп, жарысқа қатысуына рұқсат берілген. Осыған байланысты федерация Ясминаның құқықтары мен мүддесін қорғау жұмысын әрі қарай жалғастырады", – делінген ресми мәлімдемеде. 

Бұл ретте федерация өз жауапкершілігін де жоққа шығармайтынын хабарлады. 

"Біздің жіберген шағымымыз бен наразылығымыздың нәтижесіне қарамастан, чемпионға тиесілі барлық сыйақы Федерацияның өз қаражаты есебінен толық көлемде төленеді", – деп жазды федерация өкілдері. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау