USD: 488.7 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Ол бұған дейін мемлекет басшысының көмекшісі болды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002 жылы заң мамандығы бойынша "Тұран" Университетін, 2018 жылы РХШжМҚА-ның "Executive MBA" бағдарламасы бойынша оқу бітірген.

  • 2002-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек атқарған.
  • 2005-2012 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 2012–2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
  • 2019 жылғы шілде – қазан аралығында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
  • 2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 

"Құрмет" (2016), "Парасат" (2021) ордендерімен, ҚР Президентінің Алғысымен (2020), ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2021), 7 мерейтойлық медальдары

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз