
ChatGPT ботын ұзақ уақыт бойы пайдаланған адам әртүрлі психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сонымен қатар жасанды интеллект мазасыздық, эмоциясын ұстай алмау, үнемі жалғыз қалуға асығу сияқты әрекеттерге апарады.
OpenAI компаниясы сарапшыларының айтуынша, бүгінде нейрондық желіні ақпарат көзі деп емес, досына айналдырғандар да бар екен. Әсіресе, жасөспірімдер боттан кеңес сұрап, ішкі сезімдерімен бөлісетін көрінеді. Ал бұл өте қауіпті дейді мамандар.
Өйткені, жеткіншектер тек ChatGPT-мен сөйлесіп, қоршаған ортадан оқшауланады. Сондықтан, мамандар жасанды интеллектіні тек көмекші құрал ретінде қарастыру керектігін ескертеді.