USD: 467.3 / 469.9
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.55 / 5.67
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Биыл талапкерлердің 60 пайызы тегін білім алады. 75 мың грант қалай үлестіріледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға беріледі.

2026-2027 оқу жылына бакалавриат бағдарламалары бойынша шамамен 75 мың мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Бұл туралы ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығындағы білікті мамандарға деген сұранысқа сәйкес қалыптастырылады. Биыл гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға, 20 пайызы педагогикалық бағыттарға, ал қалған 20 пайызы өзге білім беру бағдарламаларына бөлінген.

Гранттар конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық өтініш қабылданған. Мемлекеттік гранттар Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері, талапкерлердің мамандық таңдауы және заңнамада көзделген квоталар негізінде тағайындалды.

Биыл талапкерлер арасында "Аударма ісі", "Халықаралық қатынастар", "Құқық", "Психология", "Қаржы" мамандықтары мен педагогикалық бағыттар ерекше сұранысқа ие болды.

Конкурс қорытындылары Республикалық конкурстық комиссияның отырысында бекітілген. Грант иегерлерінің тізімі ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

Еске салайық, 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының иегерлері 7 тамызда белгілі болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау