Тікелей эфир

Биыл Мәдениет министрлігіне қарайтын оқу орындарына 25 президент стипендиясы бөлінді

Президент стипендиясының 24-і – бакалаврларға, біреуі магистранттарға беріледі.

Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер және туризм бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына президенттік стипендия бөлу туралы бұйрық жариялады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Биыл министрлікке бағынышты оқу орындарына 25 Президенттік стипендия бөлінді. Оның 24-і – бакалаврларға, 1-і – магистранттарға беріледі", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Жоғары білім беретін оқу орындарының ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 4, Қазақ ұлттық өнер университетіне – 12, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 4, Халықаралық туризм және меймандостық университетіне – 4 президенттік стипендия бөлінді. Ал магистратураға арналған президенттік стипендия Қазақ ұлттық  өнер университетінің магистратурасына берілді.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы студент қалай 115 мың теңге стипендия ала алады? Шәкіртақы түрлеріне шолу.


 

Серіктестер жаңалықтары