Тікелей эфир

Бас мүфти: Ерлі-зайыптының мейірімділіктің аясында қарым-қатынас жасауы – отбасы бақытының кілті

Наурызбай қажы Тағанұлы қазір біздің қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі өте өзекті екенін алға тартты.

Талдықорған қаласында "Ислам және отбасы құндылығы" тақырыбында республикалық конференция өтті. Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. 

Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталған жиында Бас мүфти ел мен жердің амандығын тілеп, дұға жасады.

"Қазір біздің қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі өте өзекті. Дегенмен ерлі-зайыптылардың өзара жақсы мәміледе болып, мейірімділіктің аясында қарым-қатынас жасаулары отбасы бақытының негізгі кілті саналады. Алла Тағала Қасиетті Құранның "Рум" сүресінде: "Сендерге жандарың жай тапсын деп, өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім сезімін ұялатқаны Оның (Алланың) нақ белгілерінен. Міне, осының өзін ақылға салып ойланатын қауым үшін айқын дәлелдер бар", – деп айтқан. Сондай-ақ "Тәубе" сүресінің 71-аятында: "Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер – бір-біріне шын жанашыр дос. Олар елге ізгілікті, жақсылық жасауды бұйырып, жамандық атаулыдан тыяды..." делінген. Бұдан түсінетіміз, жақсы ер мен әйел – бірін-бірі толықтырып, айыбы болса жасырып, жақсылығын асырып отыратын игі жандар", – деді ҚМДБ төрағасы.

 

Фото: ҚМДБ

Конференцияда Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы, дінтанушы профессор Шәмшәдин Тұрсынұлы, Жетісу облыстық ардагерлер үйінің төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып, отбасы құндылығын арттыру жайлы ұсыныс-пікірлерін бөлісті. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары