Тікелей эфир

Астанада НЗМ оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті: оның жағдайы қалай

Оны пышақтаған кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жасөспірім пышақпен шабуылдаған Назарбаев зияткерлік мектебінің жарақат алған оқушысының жағдайы туралы айтты.

Ведомствоның хабарлауынша, 26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпсалалы ауруханаға 2006 жылы туған қызды жеткізген. Жәбірленушіге іш аймағына ота жасалды.

"Жағдайы ауыр және тұрақты", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Есіл аудандық полиция бөлімі адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі мектепте 13 жастағы оқушының өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады


Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары