USD: 487.1 / 489.7
  • EUR: 559.5 / 564.5
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

"8-10 жылдық мандат беру керек". Қырғызстанға оралған Асқар Ақаев қандай ұсыныс айтты

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Ол елге Ыстықкөл халықаралық форумына қатысу үшін келген.

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев Ыстықкөл халықаралық форумында сөйлеген сөзінде қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаровқа реформаларды аяқтау үшін қосымша уақыт беру қажет деген пікір білдірді, деп хабарлады қырғыз баспасөзі

Оның айтуынша, алдағы он жылда Қырғызстан экономикалық серпіліс жасауға қабілетті. Асқар Ақаевтың сөзінше, Садыр Жапаров ел экономикасы терең тоқырауға ұшырап, әлеуметтік-саяси ахуал күрделі болған кезеңде президент болып сайланған.

"Бүгінде Қырғызстан экономикасы тұрақты өсім жолына түсті. Әлеуметтік саладағы оң өзгерістер де байқалады, алайда олардың нәтижесі 3-5 жылдан кейін толық сезіледі. Әуелі экономика өседі, содан кейін ғана халық оның игілігін көреді. Бұл – экономиканың заңдылығы", – деді ол.

Сондай-ақ, Асқар Ақаев Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолының құрылысы мен Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке сайлануын елдің маңызды жетістіктері ретінде атап өтті.

Сөзінің соңында ол "қырғыз халқы қазіргі президент Садыр Жапаровқа қырғыз экономикалық ғажабын жүзеге асыру жоспарын орындау үшін қосымша мандат берсе, бұл дана шешім болар еді" деген пікірін жеткізді. Оның бағалауынша, мұндай ауқымды мақсатқа жету үшін кемінде 8-10 жыл қажет.

Еске сала кетейік, Асқар Ақаев 2005 жылғы 24 наурыздағы Наурыз революциясы кезінде Қырғызстаннан кетіп, сол жылдың 3 сәуірінде президенттік қызметінен ресми түрде бас тартқан. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз