Асқазандағы ауырлық сезімі қандай аурудың белгісі болуы мүмкін?

Асқазанның ауырсынуы – гастрит, көкет жарығы, панкреатит секілді аурулардың белгілерінің бірі.

Тойып тамақтанған кезде асқазан тамақты көтере алмай жатады. Мұндайда іш ауырып, адам өзін жайсыз сезінеді. Асқазандағы ауырлық сезімі нақты бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Жиі мазаласа, дәрігерге қаралған жөн.   

Артық ішіп-жеп қойғанда асқазан ауырлап, ұйқы келеді. Әдетте бұл 30-40 минуттан аспайды. Асқазандағы ауырлық сезімі әркімді әрқалай сезіледі. Онымен қоса келесідей белгілер болуы мүмкін:

  • қыжыл;
  • кекірік;
  • іштің кебуі;
  • лоқсу;
  • ауыздан жағымсыз иістің шығуы;
  • баяу ойлану;
  • ұйқышылдық;
  • іште керіп ауыру сезімі.

Бұл жағымсыз сезімдердің бәрі бір сағатта басылады. Тағы көп тамақ ішсеңіз, олар қайта оянады, өйткені асқазан тамақты қорытып үлгермейді. Ауырлық сезімі бірнеше сағатқа жалғасса немесе аз-аздан тамақтансаңыз да үнемі болса, онда жақын арада гастроэнтеролог дәрігерге қаралуыңыз керек. 

Асқазандағы ауырлық сезімінен бөлек келесідей белгілер байқалса дереу жедел жәрдемге хабарласыңыз, болмаса шұғыл көмек көрсету бөліміне барыңыз: 

  • жұтыну не демалу қиын болса;
  • құсқанда қан болса;
  • дәретіңізде қан болса;
  • дене қызуыңыз 38 градусқа дейін көтерілсе және одан жоғары болса;
  • кеудеңізде ауырсыну сезілсе.

Оқи отырыңыз: Кешкі алтыдан соң тамақ ішпеу дұрыс па? Төрегелді Шармановтың кеңесі


Көбінесе асқазандағы ауырлық сезімі тамақтану әдеттерінің салдарынан туындайды. Мысалы:

  • тойып жеу – тойғаныңызды білмей жей бересіз;
  • жиі тамақтануға бейім болу;
  • тез жеу әдеті, тамақты шайнамай жұта беру;
  • майлы не қатты тұздалған тамақтарға әуес болу;
  • сіңіру қиынға соғатын тамақтарды шамадан тыс көп жеу (мысалы, шикі көкөністер, қатты талшықты ет, газдалған не кофеин бар сусындар.

Кейде асқазандағы ауырлық сезімі келесідей ауру түрлерінің белгісі болуы мүмкін: –

  • гастрит;
  • көкет жарығы;
  • панкреатит;
  • асқазан-өңеш рефлюк ауруы;
  • өңештің қабынуы;
  • ойық жара;
  • тағамдық аллергия;
  • асқазан қылтамағы.

Оқи отырыңыз: "Диета сайын семіре бердім". Тамақтан бас тарта алмайтындардың анонимді тобы қалай жұмыс істейді?


Асқазандағы ауырлықтан құтылу үшін алдымен оның не себептен туындағанын анықтау керек. 

Тамақ ішіп болған соң бірден ауырлық пайда болса, өмір салтыңызды өзгертуге тырысыңыз.

  • Артық тамақтанбай, қалыпты мөлшерде жеуге тырысыңыз.
  • Майлы, ащы немесе қиын қорытылатын тағамдардан аулақ болыңыз. Ең болмағанда рационыңызда мөлшерін азайтып, нәтижесін қараңыз.
  • Тамақты асықпай шайнап, баяу жеңіз.
  • Алкоголь және кофеин сусындарды шектеңіз не мүлдем ішпеңіз.
  • Спортпен шұғылданыңыз. Денеңізді тұрақты шынықтырсаңыз бұл ас қорыту жүйесіне жақсы әсер етеді.
  • Күйгелектенбеңіз, стрессте өзіңізді қолға алып үйреніңіз.

Дәл қазір асқазаныңызда ауырлық болса, салқын су ішіп жеңілдей аласыз. Мұны тойып тамақтанғаннан кейін, не болмаса терапевт кеңесімен жасауға болады.

Ал ауырлық сезімі қаншалықты тамақ жегеніңізбен байланысты болмаса, гастроэнтеролог дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер сізді қарап, симптомдар жайлы сұрайды. Қан мен үлкен дәрет анализін тапсыруды, құрсақ қуысы мүшелерінің УЗИ-іне түсуді, басқа да зерттеулерді ұсынуы мүмкін. Анализ бен зерттеулердің нәтижесінде диагноз қойып, ем тағайындайды. Ем алғаннан кейін негізгі ауруды жеңіп, асқазандағы ауырлық сезімі өзінен-өзі кетеді.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары