USD: 489.5 / 492.1
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

"Жіберіңіз, өлейінші". Алматыда Сайран көлінен өзіне қол салмақ болған бойжеткен құтқарылды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
ТЖМ азаматтарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуге шақырды.

Алматы қаласының құтқарушылары қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

"Алмалы ауданындағы Сайран көлін патрульдеу барысында Алматы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері суицид жасау әрекетінің алдын алды. Жағалауда кезекшілікте болған құтқарушылар батып бара жатқан қызды байқап, оны жедел түрде судан алып шығып, жағаға жеткізді. ТЖМ азаматтарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуге шақырады", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, хабарламада жәбірленушіге қажетті көмек көрсетілгені туралы жазылған. 


Оқи отырыңыз: Атыраудағы резонансты іс: сотта жаңа сараптамалар мен тергеу материалдары қаралды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз