Қазақстанда 6-9 тамыз аралығында тұңғыш рет рет Qara Film Festival деректі фильмдер фестивалі өтеді. Бұл – бүкіл әлемнен жиналған сегіз креативті деректі фильм көрсетілетін және өзекті тақырыптарды талқылауға шақыратын тәуелсіз кинофестиваль.
Барлық фильм тегін көрсетіледі. Алайда, оларды алғашқы 500 көрермен ғана тамашалай алады. Ол үшін 5 тамызда фестиваль сайтында тіркеліп үлгеру қажет. Фильмдер төмендегі кесте бойынша көрсетілгенімен, әрқайсы көрсетілімнен кейін 12 cағат бойы сақталады. Фильмдер түпнұсқа тілде дыбысталғанымен, қазақ және орыс тілдеріндегі субтитрлермен қамтылған.
Төменде Informburo.kz оқырмандарына 8 фильмнің көрсетілім уақыты мен олар туралы қысқаша ақпарат ұсынып отырмыз.
Апельсин сияқты көгілдір жер
Көрсетілім уақыты: 6 тамыз, сағ. 19:00.
Бірнеше жыл бойы жауынгерлік іс-қимылдар жүргізіліп келе жатқан жерде шығармашылық пен армандарды орындауға орын бар ма? Донбасстың қызыл аймағында тұрып, Анна мен оның төрт баласы өмір мен өнерге деген қызығушылықты сақтайды. Аннаның үлкен қызы Мирослава оператор болуды армандайды. Режиссер Ирина Цилык ананың, бауырлардың және апалы-сіңлілердің Мирославаға қолдау көрсетіп, оның қоршаған орта туралы фильмін түсіруіне көмектеседі. Сол себепті отбасы, соғыс жағдайында өмір сүру жарақатын шығармашылықпен көрсетеді. 2020 жылдың қаңтар айында украин режиссерінің дебюттік жұмысы деректі фильмнің үздік режиссері үшін Sundance кинофестивалінің марапатына ие болды. Сыйлықты ала отырып, Ирина өз фильмімен көрермендерді "соғыспен емес, махаббат пен өнермен айналысуға" итермелейді деп үміттенетінін атап өтті.
Елдер: Украина, Литва | Тілдер: орыс, украин | Режиссері: Ирина Цилык | 2020
Анамның жоғалуы
Көрсетілім уақыты: 7 тамыз, сағ. 17:30.
Бенедетта Барзини 1960 жылдардағы топ-модель, 1970 жылдардағы радикалды феминист, фотожарықтар мен камералардың объективтерінен қатты шаршаған. Қазір ол 75 жаста және оның ойы – ғайып болу. Бенедеттаның ұлы – бейнелер әлеміне ғашық болған режиссер. Анасының барлық қарсылығына қарамастан ол оның бейнесін түсіріп алғысы келеді. Камера жанында жақын жандардың арасында өте әсерлі жанжал туындайды. Бірақ, бұл екі жанға бір-бірін түсіну өте маңызды.
Ел: Италия | Тілдер: итальян, ағылшын | Режиссері: Беньямино Баррезе | 2019
Оқи отырыңыз: Қазақ киносы қашан прайм таймда көрсетіледі?
Романтикалық комедия
Көрсетілім уақыты: 7 тамыз, сағ. 19:30.
Сіз кинокейіпкерлердің тұтқынында тұрасыз деп ойлап көрдіңіз бе? Ойламағаныңыз бекер... Режиссер Элизабет Сэнки романтикалық комедиялардың өткен шағын, осы шағын және болашағын зерттейді. Оның басты назарында барлық сүйікті ромкомдар: "Жаздың 500 күнінен" бастап (2009) және "Бриджит Джонстың күнделігі" (2001) "Джазда тек қыздар ғана" филміне дейін (1959) және "Тиффанимен таңғы ас" (1961). Фильм экрандағы кейіпкерлердің тарихы көрермендердің шынайы өміріне қалай еніп кетенін, қарым- қатынастың қалай дамуы керектігі туралы махаббат пен үміттер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып зерттейді.
Ел: Ұлыбритания | Тіл: Ағылшын | Режиссері: Элизабет Сэнки | 2019
Ақымақ болма!
Көрсетілім уақыты: 8 тамыз, сағ. 16:00.
Мэриленд маңындағы жаз, АҚШ. Ағайынды Питер мен Мэтью демалыс уақытын үйде өткізеді. Питер "Аман қалған" атты шоуға қатты қызығады, ол әр кеш сайын шоудың сахнасын ойната бастайды, ал шоу кейіпкерлдері оның отбасы мүшелері. Ал Мэтью иттерге деген қорқынышын жеңу үшін күн сайын иттер саябағында серуендеп жүреді. Барлық жасөспірімдер секілді олар да бір-бірінің мазасын алып махаббаттарын білдіреді.
Ел: АҚШ | Тіл: Ағылшын | Режиссері: Бен Муллинкоссон | 2017 жыл
Оқи отырыңыз: Соңғы 10 жылда қазақстандық прокаттағы ұлттық кино үлесі он есе өскен
Бал мекені
Көрсетілім уақыты: 8 тамыз, сағ. 17:30.
Жабайы аралардың балын жинаумен айналысатын Еуропадағы соңғы әйелдердің өмірі. Хатидзе Македонияның тыныш тереңдігінде тұрады және қарт анасына қамқорлық жасайды. Ол өз ісін жақсы көреді, және оған анасымен аман қалуға көмектесетін тіршілік иелерінің өмірлеріне зақым келтірмеу маңызды: "Балдың жартысы бізге, жартысы сізге". Жергілікті үйлесім жаңа көршілер – көшпенді Отбасылардың пайда болуымен бұзылады. Олар да бал жинай бастайды, бірақ олардың өзіндік ережелері бар. Табиғат бұл шабуылға қалай жауап береді екен? "Бал елі" Оскар-2020 екі санатта ұсынылды: үздік деректі фильм және шет тіліндегі үздік фильм.
Ел: Македония | Тілдер: түрік, македон, серб-хорват, босния | Режиссерлер: Тамара Котевска, Любомир Стефанов | 2019
Кіші өлім
Көрсетілім уақыты: 8 тамыз, сағ. 20:00.
"Кіші өлім" әйел оргазмының портреті: әртүрлі жастағы әйелдер сексуалды қалаулары туралы өз тәжірибесімен бөліседі. Біз өзіміз үшін жыныстық қатынасқа жаңа көзқарасты аша отырып оларды тереңірек біле бастаймыз. Әйелдер оргазмы көрермендерге порно фильмдер мен эротикалық фильмдердегідей емес, керісінше ерекше ракурстан ұсынылатын болады. Фильм әйелдерге жүктелген тәндік және сексуалдық табуды бұзатын болады. Бұл әйелдер мен ерлерге арналған әйелдер арасындағы диалог.
Ел: Швейцария | Тілдер: француз, ағылшын | Режиссері: Анни Гислер | 2018 | 16+
Оқи отырыңыз: Қазақ киносы мазаққа айналды. Ақша мен атақ үшін "жер өртейтіндер" көбейді
Үйленгендер
Көрсетілім уақыты: 9 тамыз, сағ. 16:00.
Кристиан мен Сидсельдің таныс болғанына он жыл болыпты, оның алты жылын бірге өткізіп келеді, ал енді үйленетін уақыт та келді. Кристен өз ісін, әйелі мен үйін ұнататын қарапайым фермер, ал ақындыққа жақын Сидсель әлгі романтиктердің бірі. Ол өз ханзадасын тапқанына сенімді. Оларға махаббаттың қызғаныш күш-қуатына қарамастан, кейде бірбірімен маңызды сәттерді түсінісіп отыруға тура келеді. Біз балаларды қалаймыз ба? Бізге тұрып жатқан жеріміз ұнай ма? Кристиан және Сидсель әр жұпта болатын сұрақтарға жауап таба алады.
Ел: Дания | Тіл: дат | Режиссері: Эмиль Лангбалле | 2019
Қылмыс + жаза
Көрсетілім уақыты: 9 тамыз, сағ. 17:30.
Нью-Йорк полициясы департаментінің атағы мен абыройының артында олардың жаман жағы жасырылған. Жүйе полицейлерге айына белгілі бір адамдарды қамауға алуды міндеттейді. Басшылықтың қысымымен көптеген офицерлер жазықсыз, көбінесе қара нәсілді адамдарды заңсыз қамауға алады . Бірақ, 12 батыл полицей бірігіп, мансабы мен қауіпсіздігіне тәуекел ете отырып, өз тергеуін бастайды. Олар өз полиция департаментін сотқа береді.
Ел: АҚШ | Тіл: Ағылшын | Режиссері: Стивен Маинг | 2018