Түркістан қаласы 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай шешімді Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) қабылдаған.
"ICESCO ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады", – деп жазды президент.
Бұл мәртебе Түркістанның халықаралық деңгейде мәдени және тарихи маңызын танытуға мүмкіндік береді.