Астанада "Тең мүмкіндіктер" балалар спорт фестивалі өтті

Фото: ҚР Жеңіл атлетика федерациясы
Фото: ҚР Жеңіл атлетика федерациясы
Оған 20 өңірден 291 бала қатысса, олардың 97-сі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.

Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында "Тең мүмкіндіктер" республикалық балалар спорт фестивалі өтті. Үш күнге созылған жарысқа еліміздің 20 өңірінен 291 бала қатысты. Олардың 97-сі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.

Фестиваль аясында бүлдіршіндер бочча, "Көңілді старттар" және жеңіл атлетикадан бақ сынады. Сайыстар балалардың спорттық қабілеттерін көрсетуге, командалық жұмыс пен өзара қолдауды дамытуға мүмкіндік берді. 

Фестивальге Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Келбет Нұрғазина мен Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты. 

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Келбет Нұрғазина мен Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев

Сондай-ақ балаларды қолдап бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев келді. Жарыс соңында қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Фестивальдің басты мақсаты – балалардың спортқа қызығушылығын арттыру, өзіне деген сенімін нығайту және достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Сонымен қатар шара әр баланың спортпен айналысуына тең мүмкіндік жасауға және инклюзивті спортты дамытуға бағытталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау